Испанияда коррида кезінде бұқа көрермендерге шабуыл жасады (видео)

0
1 022

Оқиға орнына келген дәрігерлер 15 адамға көмек көрсеткен.


Испанияда коррида кезінде бұқа көрермендерге шабуыл жасады (видео)

ERNUR.KZ. 1 қыркүйекте Видререс елді-мекенінде өткен жарыс кезінде бұқа көрермендер отырған трибунаға секіріп, 19 адамды жаралады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға булыққан мүйізді малдан шараны тамашалаушылардың қашып құтылудан басқа шарасы қалмаған. Десе де, оқиға орнына келген дәрігерлер 15 адамға көмек көрсетіп, тағы 4-еуін ауруханаға жатқызған.