Ит иесінің 4 мың долларын жеп қойды

0
436

Америкалық отбасы өздерінің голдендудль тұқымдастарынан шыққан Сесил есімді иттерінің 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойғанын айтады.


Ит иесінің 4 мың долларын жеп қойды

ERNUR.KZ. АҚШ-та ит 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойғанымен, соманы қайтарып алды, деп жазады Stan.kz

Америкалық отбасы өздерінің голдендудль тұқымдастарынан шыққан Сесил есімді иттерінің 4 мың доллар қолма-қол ақшаны жеп қойғанын айтады. Ақшаны алу үй иелеріне қиынға соққан. Әйтсе де, олар ақшаның едеуір бөлігін қалпына келтіре алды.

"Сесил төрт мың долларды жеп қоймағанға дейін жақсы ит болды", – деп жазды үй иесі Керри Ло әлеуметтік желіде.

Күйеуі Клейтон мен әйелі Керри Ло екеуі иттің нәжісі мен құсуын күтіп, кейін оларды талдауға береді. Үй иелері ақшаның 3 550 долларын қалпына келтірді. Ал соманың қалған бөлігін өнер туындысы деп отыр.

Айта кетейік, Ресейдің кинологиялық ұйымдар одағының президенті Владимир Уражевский барбекюді дайындауда қолданатын 1 келі тасты жеп қойған корги тұқымдасынан шыққан иттің иелерін айыптаған еді.