Италия мен Грузияда жер сілкінісі болды

0
1 037

Жер асты дүмпулері 13 ақпанда тіркелген.


Италия мен Грузияда жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Италияда магнитудасы 2,2-ден 4,1-ге дейінгі үш жерасты дүмпуінің тіркелгенін анықтады, деп жазады Zakon.kz.

ТАСС агенттігі жазғандай, жер асты дүмпулері 13 ақпанда тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Реджо Эмилия қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан (халық саны 133 мыңға жуық адам). Қайнар көзі 15 км тереңдікте жатыр.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Дәл осы күні Грузияның оңтүстігінде күшті жер сілкінісі болды. Магнитудасы 6,2 болатын бірінші жер сілкінісі елдің оңтүстігіндегі Самеба ауылының маңында тіркелді, одан кейін екі рет жер дүмпуі болды. Жер асты дүмпулерінің күшті болғаны сонша, Тбилиси мен Батумиде де сезілген. Жер сілкінісі Арменияның солтүстік аймақтары мен Әзірбайжанның батысында да сезілді.