Италияда автобус жол өткелінен құлап, 21 адам қаза тапты

0
382

Сондай-ақ 40-тан астам адам зардап шеккен.


Италияда автобус жол өткелінен құлап, 21 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Италияның Венеция қаласында жолаушылар мінген автобус жол өткелінен құлап, кем дегенде 20-дан астам адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

La Repubblica жазуынша, апат салдарынан сондай-ақ 40-тан астам адам зардап шеккен.

Кейіннен полиция өкілдері 21 адамның қаза тауып, 12 адамның ауыр жараланғанын, сондай-ақ із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар екенін мәлімдеді.

Көліктің жоалушылар автобусы немесе шетелдік туристер отырған автобус екені әлі нақтыланған жоқ. Мұндай ақпараттың таралуына оқиға орнынан украиналық құжаттар табылғаны себеп болған.

Белгілісі, Местре теміржол вокзалы маңындағы эстакадада, яғни 10 метр биіктіктен құлап кеткен автобус электр сымдарына оратылып, сол жерде өртеніп кеткен. Оқиға орнында құтқару қызметі, полиция және бірнеше жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Оқиғаға байланысты Местре мен Венеция арасындағы пойыз қатынасы тоқтатылды.