Италияда коронавирустан 77 дәрігер көз жұмған

0
920

Соңғы тәуліктің ішінде тағы 6 медицина қызметкері қаза тапқан.


Италияда коронавирустан 77 дәрігер көз жұмған

ERNUR.KZ. Италияда коронавирусқа шалдығып көз жұмған дәрігерлердің қатары 77-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәуліктің ішінде тағы 6 медицина қызметкері қаза тапқан. Жалпы қауіпті кеселден шамамен 15 мың адам қайтыс болды. Ал емделіп шыққандардың саны 20 мыңға жуықтаған. Соңғы мәлімет бойынша, елде вирусты 120 мыңға жуық адам жұқтырған. Өңірде карантин уақыты ұзартылып отыр. Халыққа себепсіз сыртқа шығуға болмайды. Ережеге бағынбағандарды қатаң жазалап жатыр. Бұған қарамастан, вирустың таралуы қарқын алып барады. Ауруханаларда бос орын жоқ. Бұл аздай, аймақта дәрі-дәрмек пен медициналық қорғаныш заттар тапшы. Індеттің таралуын тежеу үшін қазір Италияға шет елдерден көмек көрсетіліп жатыр.