Италияда су қоймасының түбінен ауыл шықты

0
782

Өткен ғасырдың 50-ші жылдары су қоймасы салынып, 160 ошағы бар ауыл су түбіне жіберілген.


Италияда су қоймасының түбінен ауыл шықты

фото кадрдан скрин

ERNUR.KZ. Италияның Оңтүстік Тироль аймағындағы құрғатылған су қоймасынан ертедегі ауыл шықты, деп жазады 24.kz.

Бұл − осыдан 70 жыл бұрын суға батырылған Ескі Курон мекені. Өткен ғасырдың 50-ші жылдары су қоймасы салынып, 160 ошағы бар ауыл су түбіне жіберілген.

Ал жақында жөндеу жұмыстарына байланысты қойма таязданып, суға батырылған ауыл орны қайта қараңдаған. Бірақ ескі ауылдан тек XIV ғасырда салынған шіркеу мұнарасы сақталған. Қалған үйлер құрып кеткен.