Италияда туристер мінген қайық суға батып кетті

0
637

Кемеде туған күн тойлап жатқан 25 адам болған.


Италияда туристер мінген қайық суға батып кетті

ERNUR.KZ. Италияның солтүстігінде бортында 20-дан астам жолаушысы бар туристік қайық суға батып кетті. Оқиға салдарынан кем дегенде екі адам қаза тапты, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

16 метрлік кемеде туған күн тойлап жатқан 25 адамның болғаны атап өтілді. Қатты желдің салдарынан қайық батып, борттағылардың барлығы суда қалған. Олардың көпшілігі жағаға өз бетінше жүзіп үлгерген, тағы бірнеше адамды басқа қайықтарды құтқарып қалды.

«Ауа райының қолайсыздығына салдарынан қайғылы оқиға болды», - деді Ломбардия президенті Аттилио Фонтана.

Белгілі болғандай, оқиғадан кем дегенде екі адам қаза тауып, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кетті. Құтқарушылардың айтуынша, оларды іздеу жұмыстары жалғасуда, жұмысқа тікұшақтар мен санитарлық авиация жұмылдырылған.