Израиль әскері Газа секторын толық қоршауға алды

0
660

Адри Израильдің құрлық операциясының өз мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін жалғасатынын атап өтті.


Израиль әскері Газа секторын толық қоршауға алды

ERNUR.KZ. Израиль әскері Газа секторын толық қоршауға алды, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы Израиль әскерінің (ЦАХАЛ) спикері Авичай Адри мәлімдеді.

"Қазір Израиль Газа секторын толық және жан-жақты қоршауды жүзеге асыруда", – деді Авичай Адри БАҚ-қа берген сұхбатында.

Адри Израильдің құрлық операциясының өз мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, ЦАХАЛ Газа секторына әскер кіргізуге дайын.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Израиль палестиналық ХАМАС қозғалысын толықтай жоюды жоспарлап отыр. Операцияның нақты күні әзірге белгісіз, осыған дейін құрлық операциясы ауа райының қолайсыздығына және АҚШ президенті Джо Байденнің сапарына байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді.