Израиль Ливанның оңтүстігіндегі "Хезболла" нысандарына соққы жасады

0
466

Қарсы тарап мұны бұған дейінгі шабуылдарға жауап деп атады.


Израиль Ливанның оңтүстігіндегі

ERNUR.KZ. Израиль қорғаныс күштері жұма күні түнде Ливандағы "Хизболла" қозғалысының бірнеше нысанасына соққы берді, деп жазады inbusiness.kz.

Израиль қорғаныс күштері бұл әрекеттерді "Хезболланың" зымырандармен шабуылына жауап екенін мәлімдеді. Операция туралы басқа мәліметтер жарияланбады.

Бұған қоса, Израиль әскерилері жұма күні түнде Газа секторындағы 100-ден астам нысанаға соққы жасаған.

Ал Ливанның "Хезболла" қозғалысы сәрсенбі күні Ливанмен шекараға жақын жердегі Израильдің үш әскери бекетін атқылағанын хабарлады.