Қайтыс болған әкесімен селфи жасаған қыз көптің ашуын тудырды

0
3 087

Желі қолданушылары қыздың қылығын сөгіп, дүние салған адамды сыйлау керектігін жазуда.


Қайтыс болған әкесімен селфи жасаған қыз көптің ашуын тудырды

ERNUR.KZ. Сербия моделі көз жұмған әкесінің қасында тұрып селфи жасағанымен қоймай, фотоны әлеуметтік желіге салып, Инстаграм қолданушыларының ашу-ызасын тудырды, деп жазады holanews.kz.

Джелика суретте ерін дүрдитіп, төсекте өліп жатқан әкесінің қасында тұр.

"Ол 67 жасына қараған шағында бізді тастап кетті. Сен менің әкем болғаныңа, мен сенің қызың болғаныма алғысымды айтамын. Бізге дұрыс жол сілтеп, бағыт-бағдар бергеніңе рахмет. Иманды бол. Сенің жарқын бейнең жүрегімізде мәңгі сақталады",- деп жазды қызы.

Желі қолданушылары қыздың қылығын сөгіп, дүние салған адамды сыйлау керектігін жазуда.