Қала басшысы мүгедек арбаға отырып, қоластындағы шенеуніктерді тексерді

0
117

Карлос Тена бетіне грим жасатып, көмек сұрауға көшеге шығады.


Қала басшысы мүгедек арбаға отырып, қоластындағы шенеуніктерді тексерді

ERNUR.KZ. Мексиканың Чихуахуа провинциясындағы Куатемок қаласының мэрі қалалық мекеме қызметкерлерінің азаматтарға қалай қызмет көрсететінін өз көзімен тексеріп көргісі келген. Бұл үшін қала басшысы Карлос Тена бетіне грим жасатып, мүгедекке айналған, осылайша ол мүгедек арбаға таңылып, көмек сұрауға көшеге шығады. Бұл оқиғаны жергілікті Milenio телеарнасы көрсетті, - деп жазады tengrinews.kz.

Эксперимент нәтижесін қала басшысы бұлай болады деп ойламаған, барлық жерде ол еленбей, оған қоса кемсітушілікке ұшыраған.

Кейін Тена баспасөзге бұл эксперименттің екі ай бойы жоспарланғанын, ал оған азаматтардан үнемі түсіп жатқан шағымдары мен қоластындағы шенеуніктердің баяндамалары үйлеспегені себеп болғанын хабарлады. "Кімге сенерімді білмедім, адамдарға немесе жұмыс бойынша әріптестеріме, сондықтан осындай шешім қабылданды",-деп атап өтті мэр.

Алдымен қала басшысы азық-түлік көмегіне ресми сұраныс беру үшін әлеуметтік даму басқармасына келді (Мексикада тиісті мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді - Еск.). Мэр оның ішінде мүгедекке ешқандай көмек көрсетпейтін, "өз еріншектігінен өздері шаршаған" қызметкерлерді байқаған. Ешкім де оған көмек көрсетуге ниет білдірмей, қағаз ресімдеумен көмектеспеген, тек бір ғана қызметкер "үйсізге" талғажау берген.

Бұдан әрі қала басшысы өзінің әкімшілік бөлімшесіне барған, онда да қабылдаудағы сорақылықты байқаған. Ол ішке ұзақ уақыт бойы кіре алмаған, себебі қызметкерлер арбамен жүретін мүгедектер үшін лифтінің кілтін таба алмай дал болған. Басшы мэрия ғимаратында болғандағы әсерін сипаттай отырып, ондағылардың үйсізден тезірек құтылуға тырысқанын мойындады. "Тіпті су ұсынбады", - деді ол жергілікті баспасөзде.

"Сол кезде мен мемлекеттен жалақы алатын осы адамдар (қызметкерлер) азаматтармен соншалықты нашар қарым-қатынаста екендігімді сезіндім. Кейін (кеңесте) мен барлығын айта отырып, қағаздағы шындық туралы еске салып, адамдарға осындай қарым-қатынасқа жол бермеймін", - деп мәлімдеді Карлос Тена.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет