"Кальмар ойыны" ең үздік сценарий үшін "Эмми" сыйлығын жеңіп алды

0
519

Лос-Анджелесте 74-Primetime Emmy марапаттау рәсімі өтті.


ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяның "Кальмар ойыны" телехикаясы Эмми сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы АҚШ киноакадемиясының сайтында айтылған, деп жазады zakon.kz.

Лос-Анджелесте 74-Primetime Emmy марапаттау рәсімі өтті. "Кальмар ойыны" телехикаясының продюсері, сценарисі және режиссері Хван Донг Хюк "Драмалық сериал" жүлдесі үшін "Үздік режиссер және сценарий" номинациясын жеңіп алды.

Екі негізгі номинацияда – "Үздік драмалық сериал" және "Үздік комедиялық сериал" бойынша "Ұрпақтар" және "Тед Лассо" сериалдары жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар "Кальмар ойыны" актеры Ли Джонг Джэ "Драмалық сериалдағы үздік ер адам рөлі" номинациясында "Эмми" сыйлығын жеңіп алды.

Оған қоса Джейсон Бейтман (Озарк), Брайан Кокс пен Джереми Стронг (Мұрагерлер), Боб Оденкирк (Better Call Saul) және Адам Скотт (Separation) сияқты актерлар жүлдеге таласқан еді.