"Кальмар ойынының" жеке криптовалютасы шықты

0
559

Қазіргі кезде 2,22 доллардан сатылып жатыр.


ERNUR.KZ. Netflix стриминг компаниясында танымал болған Оңтүстік Кореяның "Кальмар ойыны" (Squid game) сериалы өздерінің жеке криптовалютасын шығарды, деп жазады exk.kz.

Squid құны бірден өскен. CNBC-дің мәліметінше, қазіргі кезде 2,22 доллардан сатылып жатыр. Бұл соңғы 24 сағаттағы көрсеткішке қарағанда, 2400 пайызға жоғары. Оның нарықтық капитализациясы 174 миллион доллардан асады. Алайда "кальмар" ойнағысы келетіндер енді абай болуы керек. CoinMarketCap ескертуі бойынша, олар Pancakeswap биржасында осы криптовалютаның сатылмауына қатысты бірнеше есеп алған.

Әзірге неліктен осылай екені белгісіз. Дегенмен, монетаны сипаттайтын ресми құжат белгілі бір шарттар орындалмаса, адамдарға монеталарын сатуға кедергі келтіретін демпингке қарсы технологияны ұсынады деп жазылған. Ресми сипаттамаға сәйкес, алдын-ала сатылымға тек 20 қазанда шыққан "Кальмар" криптовалютасы жарнамадан басқа ешқандай себепсіз қымбаттап жатыр. Бұл тұрғыдан ол басқа пародиялық криптовалюталарға ұқсайды. Мысалы әртүрі мемдарға байланысты пайда болған Шиба-ину монетасы соңғы аптада екі есе өсті.