Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт қызды көтере алмай ұятқа қалды - видео

0
1 380

Қалыңдығын ұрламақ болған жігіттің абыройы айрандай төгілді


Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт қызды көтере алмай ұятқа қалды - видео

ERNUR.KZ. Владикавказда қалыңдығын дәстүрге сай ұрламақ болған жігіт қызды екі рет құлатып алды, деп жазады sputniknews.

Видеода жігіт қыздың артынан келіп, басына қап кигізіп, көлікпен алып қашпақ болады. Алайда қалыңдығын әуелі баспалдақта, кейін көліктің жанында құлатып алады. Онымен қоймай өзі де бірге жығылған.

Кадрдан тыс оқиға куәгерлерінің "әттеген-ай" деген үні естіледі.

YouTube желісінде жұрт алаңғасар жігітті келемеждеп жатыр.

"Байғұс қыздар-ай. Бұл цирк қашан бітеді, адамды мертіктіре жаздады", — дейді қызға жаны ашығандар.

"Осыдан кейін қалған болса, қатты тұрмысқа шыққысы келген ғой. Екі рет құлатып, тіпті хал-жағдайын білген жоқ, әрі қарай сүйреп барады. Жігіттер, ұялсаңдаршы, қыз ұрлай білмейсіңдер, енді келіп видеоға түсіресіңдер", — деп мысқылдады біреулер.