Канадада 200 көлік бір-біріне соқтығысты

0
582

Квебек провинциясындағы тас жолда кенеттен соққан бораннан жол көрінбей қалған.


Канадада 200 көлік бір-біріне соқтығысты

ERNUR.KZ. Канаданың Монреаль қаласының жанында ірі жол көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 70-тен астам жолаушы жарақат алды. Квебек провинциясындағы тас жолда кенеттен соққан бораннан жол көрінбей, 200 көлік бір-біріне соқтығысқан. Олардың арасында жанармай тиеген жүк көлігі мен оқушылар автобусы бар. Бірақ балалар жапа шекпеген. Куәгерлер апаттың ауқымдылығы соншалық, оның 2 шақырымдай жерге созылғанын айтады.