Канадада ұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

1
465

Ұшақ бортында бес жолаушы мен ұшқыш болған.


Канадада ұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

ERNUR.KZ Канада тауларында шағын ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 6 адам қаза тапты, деп жазады inform.kz.

Ұшақ бортында бес жолаушы мен ұшқыш болған. Олардың бәрі қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ Калгари қаласының маңындағы әуежайдан жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00 шамасында ұшып шықты. Сағат 01:00 шамасында ұшақтың жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі оқиғаны тергеуге кірісті.