​Қаңғыбастарға төлқұжат тегін берілетін болды

0
1 247

Төлқұжаты жоқтарға айыппұл салынбайды, керісінше тегін төлқұжат жасап береді.


​Қаңғыбастарға төлқұжат тегін берілетін болды

ERNUR.KZ. Өзбекстан үкіметі тұрақты тұратын жері жоқ азаматтарды қорғау жөнінде арнайы шара қабылдады.

Бұдан былай қаңғыбастар миграция бөліміне барса, олардың туған жері, туыстары жөнінде мәлімет анықталады. Егер оның басқа елдің азаматы болмай, Өзбекстанда туылғаны расталса, уақытша жеке куәлік беріліп, тұрақты тіркеуден өткізіледі.

Мүсәпірлердің қолында төлқұжаты болмаса, оларға айыппұл салынбайды, қайтадан тегін төлқұжат жасап береді.

Ал сауықтыру орталығында жатқан үйсіз азаматтар тұрақты тұратын жеріне баруы үшін жол-кіресі төленеді.


Дереккөз:centralasian.org.