Карантин тәртібін бұзғандарды атуға рұқсат берілді

0
939

Дутерте пандемияның өршуін болдырмас үшін Лузон аралында жарияланған оқшаулану шарасын бұзбауға шақырды.


Карантин тәртібін бұзғандарды атуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Филиппин президенті Родриго Дутерте халыққа үндеуінде тәртіп сақшылары мен әскерилерге карантин тәртібін бұзғандарды атуға рұқсат берді, деп жазады inbusiness.kz.

Metro.uk басылымының соңғы мәліметі бойынша, елдегі науқастардың саны 2311-ге жетіп, 96 адам аурудан қайтыс болған. Сонымен қатар мемлекет басшысы осындай қиын кезеңде елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсірмеудің маңыздылығын айтып өтті.

«Вирустың таралу қарқыны үдей түсті. Бұл індет өте қауіпті. Берілген нұсқаулықтарды орындауға міндеттісіңдер. Тәртіп сақшыларына айтарым: егер кімде-кім ережеге бағынбаса немесе өздеріңе шабуыл жасаса, ондайларды атып тастаңдар», – деді Дутерте.


Президенттің мұндай мәлімдеме жасауына Кезон Сити қаласындағы жүздеген адамның азық-түлік талап етіп, көшеге шығуы түрткі болған. Олар карантин басталғалы екі апта ішінде тегін тамақ пен басқа да қажетті заттардың берілмегенін айтып, бас көтерген екен. Бірақ кейін елдегі полиция басшысы президенттің тым асыра сілтегенін айтып, құқық қорғаушылар мұндай қадамға бармайтынын жеткізді.