Қаруланған адамдар Нигериядағы мектеп-интернаттан 300-ден аса оқушыны ұрлап әкетті

0
2 835

Жергілікті билік оқушылар ұрланғаны туралы ақпаратты растады.


Қаруланған адамдар Нигериядағы мектеп-интернаттан 300-ден аса оқушыны ұрлап әкетті

ERNUR.KZ. Нигерияның солтүстік бөлігіндегі Джангебе қаласында қаруланған адамдар мемлекеттік мектеп-интернаттың 300-ден аса оқушысын ұрлап әкетті. Болған жайт туралы мұғалімдер мен ата-аналар полицияға айтып берген, деп жазады tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, қаруланған адамдар түнгі уақытта мектепке басып кірген. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің формасын киіп алған адамдар жол талғамайтын көлікпен және мотоциклдермен келіп, 300-ден аса оқушыны көшеге шығарып, көлікке отырғызып алып кеткен.

Жергілікті билік оқушылар ұрланғаны туралы ақпаратты растады.

"Белгісіз қарақшылар атыс шығарып, қыздарды алып кетті. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар көлікпен келіп, студенттерді алып кетті, ал кейбірін жаяу алып кеткен", - дейді Замфара штатының ақпарат жөніндегі комиссары Сулейман Танау Анка.

Айта кетейік, дәл осындай жағдай былтыр желтоқсанда да болған. Белгісіз біреулер Нигериядағы мектеп-интернатқа шабуыл жасап, ондаған оқушыны алып кеткен.