Кассир әйел 41 миллионды ұрлап, терезеден қашып кеткен

0
870

Келіншек валюта айырбастау пунктінде жұмыс істеген.


Кассир әйел 41 миллионды ұрлап, терезеден қашып кеткен

ERNUR.KZ. Мәскеуде валюта айырбастау пунктінде істейтін кассир келіншек клиенттің 41 миллион рубльін ұрлап, терезе арқылы қашып кеткен, деп жазады ktk.kz.

Қазір ол іздестіріліп жатыр. Кәсіпкер аталған соманы АҚШ долларына айырбастау үшін келген. Келіншек ақшаны санап болғаннан кейін валютаны әкелгенше ер адамдардың шыға тұруын өтінген. Кәсіпкер екі сағаттан кейін кіріп, жұмыстың қалай жүріп жатқанын сұрамақ болған.

Бірақ кіре беріс есік жабық болған. Ешкім жауап бермеген. Сол кезде ер адам ғимаратты айналып, шолып өткен. Сонда ғана аулаға шығатын терезенің ашық тұрғанын, ал ғимараттың ішінде ешкім жоқ екенін көрген.