Қастандық жасалған Жапонияның экс премьер-министрі атылған оқтан қайтыс болды

0
542

Жапонның бұрынғы Үкімет басшысын бүгін Токио уақытымен 11:30 кезінде белгісіз біреулер атып кеткен болатын.


Қастандық жасалған Жапонияның экс премьер-министрі атылған оқтан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жапонияның бұрынғы премьер министрі Синдзо Абэ атылған оқтан қайтыс болды, деп жазады exk.kz.

Жапонның бұрынғы Үкімет басшысын бүгін Токио уақытымен 11:30 кезінде белгісіз біреулер атып кеткен болатын. Оқыс оқиғадан соң Абэ бірден Нара медициналық университетінің ауруханасына жеткізілген.

Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізгенімен оны дәрігерлер өлімнен арашалап қала алмады. Оған Токиодағы іс-шаралардың бірінде белгісіз біреулер атқан.

Оқыс оқиғадан соң Жапония үкіметінің бас хатшысы Мацуно мәлімдеме жасап, жағдай бақылауға алынғанын айтқан. Тіпті, ресми сапармен жүрген елдің қазіргі премьері Фумио Кисиде кеңсесіне оралып, мәлімдеме жасайтынын хабарлаған. Сонымен бірге, шетелде жүрген үкімет мүшелері де елше шұғыл шақырылғаны белгілі болды.

Синдзо Абэ Жапония үкіметін екі рет басқарған. Алғаш рет 2006-2007 жылдары күншығыс елінің премьері болса, араға бес жыл салып үкіметке тағы 8 жыл жетекшілік етті. Ол саяси қызметте жүріп Ресей президентімен ресми кездесуге кешігіп қалғанымен ерекше есте қалған болатын. Кездесуге жүгіріп шыққан оны әлемдік БАҚ сынап, түрлі әзілдерге арқау еткен.