Каталонияда жаппай наразылық шаралары жүріп жатыр

0
725

Наразылық акциясына қатысушылар Жоғарғы соттың 12 саясаткерге қатысты шығарған үкімімен келіспей отыр.


Каталонияда жаппай наразылық шаралары жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Каталонияда жаппай митинг болып жатыр, көлік қозғалысы қиындап, Барселона әуежайында 50-ден аса рейс тоқтатылған, деп жазады Тengrinews.kz.

Наразылық акциясына қатысушылар Жоғарғы соттың 12 саясаткерге қатысты шығарған үкімімен келіспей отыр. Саясаткерлерге 2017 жылы заңсыз референдум жүргізген деп айып тағылған.


Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта жолдар жабылған. Барселона әуежайынан ұшуы тиіс 55 рейс алынып тасталған.

Айта кетейік, елде наразылық шарасы 14 қазанда басталған болатын. Нәтижесінде 500 адам зардап шекті, олардың 200-ге жуығы құқық қорғау органдарының өкілдері. 100-ге жуық адам ұсталды.