​Қазақстан мен Финляндия арасындағы әуе қатынасы кеңейеді

0
467

Қазақстанға рейстер орындаған кезде фин тасымалдаушыларына қосымша коммерциялық құқықтар берілді.


​Қазақстан мен Финляндия арасындағы әуе қатынасы кеңейеді

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға сапары аясында екі ел арасында әуе қатынасы бойынша екіжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Оған сәйкес, Қазақстанға рейстер орындаған кезде фин тасымалдаушыларына қосымша коммерциялық құқықтар берілді.

Атап айтқанда, фин тасымалдаушыларына Алматы мен Астанаға 7 рейс орындау және кез келген типтегі әуе кемесін қолдану құқығы берілді (сыйымдылық шектеуінсіз). Жаңа келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік серіктестікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Астананың транзиттік-көліктік хаб ретінде танылып, кеңеюіне жол ашады.

Айта кету керек, 2017 жылы қазақстандық тарап «Finn Air» әуе компаниясына Хельсинки-Астана маршруты бойынша жиілігі аптасына (күнделікті) 7 рейс ұшу құқығын берген болатын. Жазда «Finn Air» әуе компаниясы Хельсинки-Астана маршруты бойынша Қазақстанға жиілігі аптасына 2 реттік тікелей рейс орындай бастады. 2018 жылы 3 шілде мен 23 тамыз аралығында «Finn Air» әуе компаниясы A319 әуе кемесімен Астана - Хельсинки маршруты бойынша аптасына 2 рейстен орындады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет