​Қазақстан мен Өзбекстан ақпан айында Silk visa енгізеді

0
1 251

Жақын уақытта Өзбекстан 22 елге визасыз жүйе енгізуді жоспарлап отыр.


​Қазақстан мен Өзбекстан ақпан айында Silk visa енгізеді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан 2019 жылы ақпан айында шенген визасы секілді Silk visa енгізеді, деп хабарлады өзбекстандық ақпарат құралдары.

Өзбекстанның туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Ұлықбек Қасымхожаевтің айтуынша, жобаның мақсаты - шетел туристерін тарту.

Орталық Азия елдерінде "жібек виза" енгізу туралы ұсыныс алғаш рет биыл маусым айында айтылып, оны Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қолдаған. Бұл идеяны Қазақстан парламенті сенатының Қауіпсіздік, қорғаныс және халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ұсынған. Ол ОА елдерінде виза шектеулерін алып тастауды жақтайды.

Жақын уақытта Өзбекстан 22 елге визасыз жүйе енгізуді жоспарлап отыр. Қазір Өзбекстанға сегіз елдің азаматтары арнайы құжатсыз бара алады, 50 елдің азаматтарына жеңілдетілген жүйе енгізілген.


Дереккөз:centralasian.org/a