Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

0
1 368

Жер сілкінісі 6 қаңтарда Астана уақыты бойынша 07:12-де болды.


Қазақстандық сейсмологтар Тәжікстандағы жер сілкінісін тіркеді

ERNUR.KZ. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС мамандары Тәжікстандағы жер асты дүмпулерін тіркеді, деп жазады Zakon.kz.


Жер сілкінісі 6 қаңтарда Астана уақыты бойынша 07:12-де болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 728 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.9.
  • Магнитудасы – MPV 4.9.
  • Тереңдігі – 30 шақырым.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ.