"Қажетіне жаратқан": Президентке 2 млн 800 мың доллар айыппұл салынды

0
871

Президентке және оның балаларына директорлар кеңесі құрамына кіруге тыйым салынды.


ERNUR.KZ. АҚШ Президенті 3 жыл бұрын сайлау кампаниясына қажет қаржыны, өзінің қайырымдылық қорының есебінен алған. Нью-Йорк соты Трампқа осы әрекеті үшін 2 млн 800 мың доллар айыппұл салды, деп жазады inbusiness.kz.

Талап арызда Ақ үй жетекшісі және оның қорына иелік ететін 3 баласы сайлау кампаниясын қаржыландыру туралы заң талабын бұзған деп жазылған. Өйткені қайырымдылық қорынан қаржы аударылғанда салықтық жеңілдік жасалады. «Трамптың қоры» соны тиімді пайдаланған. Қордың көмегімен жиналған үш миллион долларға жуық қаражат Трамптың 2016 жылғы сайлауалды компаниясы кезінде қолданылған. Прокуратура дерегінше, Трамп қаржының бір бөлігін қажетіне жаратқан.

Осыдан кейін Нью-Йорктың Бас прокуроры Президентке және оның балаларына кез келген коммерциялық емес ұйымның директорлар кеңесі құрамына кіруге тыйым салды. Осы шудан кейін Трамп өзінің қайырымдылық қорын жауып тастаған болатын.