Келіншек печеньенің арқасында күтпеген жерден байып кетті

0
1 192

Тәтті печеньені көріп лоторея ойынына қатысқан.


Келіншек печеньенің арқасында күтпеген жерден байып кетті

ERNUR.KZ. Американың тұрғыны Фонда Смит-Дэвис лотореядан кездейсоқ қомақты қаражат ұтып алды, деп хабарлайды ktk.kz.

Келіншек печеньенің арқасында кұтпеген жерден байып кеткен. Ол печеньенің себебінен лотореяға қатысқан. Ол ұлымен бірге кафеге тамақ ішуге кірген. Сол кезде оған даяшылар тәтті печеньені әкелген.

«Әдетте мен лоторея ойнамаймын. Печеньені көргенде маған бір дауыс «Ойна, ұтасың» дегендей болды», - дейді.

Содан кейін ол лоторея сайтын қарап, төрт ұтысқа қатысқан. Нәтижесінде бес долларға алған билетінен 50 мың доллар ұтыс шыққан.