Келіншек жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинаға салып жіберген

0
906

Ол мерзімінен бұрын босанып қалған.


Келіншек жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинаға салып жіберген

ERNUR.KZ. Ресейдегі Талица қаласының тұрғыны жаңа туған нәрестесін кір жуғыш машинасына салып, жуған. Бұл туралы 26 қаңтар күні белгілі болды, деп жазады kaz.nur.kz.

Порталдың мәліметінше, оқиға көпбалалы, берекелі отбасының шаңырағында болып отыр. Түнде күйеуі мен үш баласы ұйықтап жатқан кезде әйелді толғақ қысып, ол мерзімінен бұрын босанып қалған.

Содан кейін ол нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуған. Ал кейіннен баланың өлі туғанын айтыпты.

Көршілердің сөзінше, оның жұбайы полиция шақыртқан. Айтуынша, ер адам таңертең балаларын сабаққа апару үшін тұрған кезде әйелінің жерде қансырап жатқанын көріпті.

Оқиға орнына құқық қорғау органдары келіп, жеткен. Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуде. ІІМ мен Тергеу комитеті әзірге ресми пікір білдірмеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғанын, сонымен қатар Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туға нәрестенін табылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, осыған ұқсас жағдай Атырауда орын алған. Жаңа туған нәресте жылу құбырының маңынан табылды. Алайда көп ұзамай сәбиін далаға тастап кеткен безбүйрек ананың табылғанын хабарлаған едік.