Кеме апатынан 150-дей адам көз жұмды

0
73

Бұл Жерорта теңізінде биыл болған ең ірі апат болып отыр.


Кеме апатынан 150-дей адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ливия жағалауында босқындар мінген кеме тағы да апатқа ұшырап, 150 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының мәліметінше, кемеде болған тағы 150-дей босқынды жағалау күзетінің қызметкерлері мен жергілікті балықшылар құтқарып қалған. Қазір олар Ливияға жеткізілген.

Апатқа ұшыраған кеме Триполидан шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан Хомс қаласынан шыққан. Оның бортында шамамен 300-ге жуық жолаушы болған. Бұл Жерорта теңізінде биыл болған ең ірі апат болып отыр.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет