Хабиб Нурмагомедовтің отбасында қайғылы оқиға болды

0
1 688

Хабибтің атасының иығында спортшының чемпиондық белдіктері ілулі болды.


Хабиб Нурмагомедовтің отбасында қайғылы оқиға болды

ERNUR.KZ. Жеңіл салмақ дәрежесі бойынша UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің атасы Магомед Нурмагомедов қайтыс болды, деп жазады tengrinews.

Қазанда өткен UFC 229 турнирінде ирландиялық Конор МакГрегорды жеңгеннен кейін Нурмагомедов атасымен түскен суретті Instagram парақшасында жариялады. Хабибтің атасының иығында спортшының чемпиондық белдіктері ілулі болды.

"Өмірімдегі ең жақсы күндердің бірі", - деп жазды ол суреттің астына.

2017 жылы қыркүйекте Хабиб Нурмагомедов ауруханада түсірілген суретті жариялады, ол кезде спортшы атасына барған.

"Алла біздің барлық жақын-туыстарымызға денсаулық бер", - деп жазды Хабиб Нурмагомедов.