​Хирург ота кезінде билеп, видеоға түсіп тұрғанда пациент мүгедек болып қалған

0
1 494

Хирург билеп тұрып, анестезияға арналған препараттарды дұрыс таңдамаған. Кабинетіде реанимацияға арналған құрал-жабдық болмағандықтан ол жедел жәрдем шақырған.


​Хирург ота кезінде билеп, видеоға түсіп тұрғанда пациент мүгедек болып қалған

Хирург Винделл Дэвис Боутте ота кезінде билеп, бір пациентін мүгедек қылған деп хабарлайды REACTOR.

Ота кезіндегі роликті желіге жүктеген. 55 жастағы әйел тұрмысқа шығар тойының алдында ішіндегі майды алғызу үшін Дэвиске жүгінген. Бірақ отадан сегіз сағат өткенде әйелдің жүрегі тоқтап қалған.

Хирург билеп тұрып, анестезияға арналған препараттарды дұрыс таңдамаған. Кабинетіде реанимацияға арналған құрал-жабдық болмағандықтан ол жедел жәрдем шақырған. Пациентті ауруханаға жеткізгенде оның миына зақым келген. Қазір ол сөйлей алмайды. Туыстары хирургты сотқа берген.