Киевте қонақүйден өрт шығып, 8 адам қаза тапты

0
825

Жарақат алғандардың кейбіреуінің халі мүшкіл.


Киевте қонақүйден өрт шығып, 8 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Оттың қаупі басым екені рас. Украина астанасындағы қонақ үйдің бірінде өрт шығып, 8 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.

Тағы 10 адам жарақат алды. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Бұдан бөлек, жалынға оранған ғимараттан 150 адам эвакуацияланды. Мамандар тілсіз жаумен үш сағат бойы күресіп, әзер сөндірген.

Ал алдын ала тергеуге қарағанда, өрт ғимараттағы кір жуатын бөлмеден шыққан. Бірақ оттың неден тұтанғаны белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.