Киевте тағы жарылыс болды

0
512

Қаланың орталығына пилотсыз ұшқыштар шабуыл жасаған.


Киевте тағы жарылыс болды

ERNUR.KZ. Киевте тағы жарылыс болды. Қалаға камикадзе пилотсыз ұшақтарымен шабуыл жасалған. Бұл туралы Киев мэрі Виталий Кличко мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Астанамыздың орталығы-Шевченко ауданында жарылыс болды. Барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әуе шабуылы жалғасып жатыр. Қауіпсіз аймақта болыңыз», - деп жазды ол Telegram-да.

Кличко әуеден келген шабуылдарға қорғаныс шараларын күшейту керегін айтты.

«Киевте жарылыс болды. Астанаға камикадзе пилотсыз ұшқыштар шабуыл жасады. Ресейліктер бұл оларға көмектеседі деп ойлайды. Бірақ бұл өлім алдындағы арпалысу әрекетіне ұқсайды. Бізге әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қажет. Біздің баяу әрекеттерге уақытымыз жоқ. Аспанды қорғау және жауды жою үшін қару керек», - деді ол.