​Ким Чен Ын АҚШ президентін Пхеньянға шақырды

0
992

1 маусым күні Трампқа арнайы шақыру хатын бергенін хабарлайды.


​Ким Чен Ын АҚШ президентін Пхеньянға шақырды

ERNUR.KZ.Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трампты келіссөздер жүргізу үшін АҚШ-КХДР саммитінің екінші раундына шақырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Russian Today-ге сілтеме жасап.

Оңтүстіккореялық «Чунан Ильбо» басылымы дереккөздің ақпаратына сүйене отырып, КХДР Еңбек партиясы Орталық комитетінің төрағасы Ким Ён Чхоль 1 маусым күні Трампқа арнайы шақыру хатын бергенін хабарлайды.

Ал жапониялық «Киодо» ақпарат агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, АҚШ-КХДР саммитінің үшінші раунды осы жылдың қыркүйегінде Вашингтонда өтуі мүмкін екенін алға тартады.

Айта кетсек, қос мемлекет арасындағы келіссөздер одан әрі жалғасу үшін қазіргі келіссөздер сәтті аяқталып, Солтүстік Кореяны денуклеаризациялау мәселесі бойынша арнайы жол картасы дайындалуы қажет.