Кір машинаның ішінде жарты сағат жуылған мысық тірі қалды

0
2 525

Мысықтың миы шайқалып, көзі ісіген.


Кір машинаның ішінде жарты сағат жуылған мысық тірі қалды

ERNUR.KZ. Алты айлық мысық Поппи жарты сағат кір машинаның ішінде жуылып, аман қалды, деп жазады sn.kz.

Аустралиялық Ким Барр себетте ұйықтап қалған мысығын аңғармай, оны киімдермен бірге кір машинасына салып, жарты сағатқа жууға қойған.

Біраз уақыт өткенде үй іші мысықты іздей бастаған. Барр машинадағы кірлерді сығу режиміне қойғалы жатқанда Поппиді көріп қалған. Оны бірден ветеринар дәрігерге апарып, тексерткен. Мысықтың миы шайқалып, көзі ісігені болмаса, сүйегі сынбаған екен.

Барр үй жануарының ерекше тылсым күштің арқасында аман қалғанын айтады.