КХДР-да ядролық полигонда екі жер сілкінісі болды

0
672

Жер асты дүмпулерінің күші 2,7 және 2,3 балл болды.


КХДР-да ядролық полигонда екі жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Солтүстік Кореяда ядролық полигонға жақын жерде екі жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Inbusiness.kz.

Бірінші 2,7 баллдық жер сілкінісі Солтүстік Хамген провинциясындағы Кильджудан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде болды. Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі Корея метеорологиялық басқармасының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Екінші 2,3 баллдық жер сілкінісі Кильджудан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым жерде тіркелді.

Кильджуда КХДР өзінің барлық алты ядролық сынақтарын өткізген Пунгье-ри ядролық полигоны орналасқан.