Коби Брайант қаза тапқан әуе апатына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

0
1 173

Брайанттың жеке тікұшағының құлауы мен тау бөктеріне соғысқанға дейінгі аралықта бір минуттай уақыт кеткен.


Коби Брайант қаза тапқан әуе апатына қатысты жаңа мәліметтер пайда болды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Көліктегі ұлттық қауіпсіздік кеңесі (NTSB) баскеболшы Коби Брайант және тағы сегіз адам қаза тапқан әуе апатының мән-жайын айтты. NTSB өкілі Дженнифер Хоммендидің сөзін Reuters агенттігі жазды, - деп жазады tengrinews.kz.

Брайанттың жеке тікұшағының құлауы мен тау бөктеріне соғысқанға дейінгі аралықта бір минуттай уақыт кеткен. Соңғы сәтте әуе кемесі қалың бұлттан шықпақ болып, солға қарай бұрылған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген. Кеңес мүшелері апаттың нақты себебін айтпады, алайда Хоммендидің айтуынша, тікұшақтың ұшуы кезінде қандайда бір ақау болмаған.

Сонымен қатар, NTSB өкілі Брайанттың тікұшағында қара жішік болмаған және жердегі нысандармен соғысу туралы ескертетін жүйе орнатылмаған. Тергеу шаралары жарты жылға созылуы мүмкін.

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған.

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.