Қоғамдық орында құшақтасқан ғашық жұпты таяқ астына алды

0
1 819

18 жастағы жігіт пен бойжеткен таяқтың астында қалды


Қоғамдық орында құшақтасқан ғашық жұпты таяқ астына алды

ERNUR.KZ. Индонезияның Ачех провинциясында қоғамдық орында құшақтасқан екі ғашықты таяқ астына алды, деп жазады Stan.kz.

Таңғаларлығы, оларды арнайы үкім бойынша ұрып-соққан екен. 18 жастағы жігіт пен бойжеткен Банда-Ачех провинциясының орталығындағы мешіттің жанында, бүкіл елдің көзінше соққыға жығылды. Үкім бойынша оларды 17 рет таяқтаған. Сондай-ақ, олармен бірге, 35 жастағы ер адам да көпшілік алдында жазаланды. Ол 40 жастағы әйел екеуі азық-түлік дүкенінде бір-біріне сезімін білдіргендері үшін кінәлі болды. Бірақ, үкім бойынша ер адам ғана жазаланды. Себебі, дәрігерлер әйелдің денсаулық жағдайына байланысты оның жазасын кейінге қалдырды.

Ал оларды таяқтау туралы үкім шығарылғанға дейін, төрт айыпталушы да бірнеше ай бойы түрмеде отырған.

Айта кетсек, мұсылман провинциясындағы шариғат заңы бойынша некеде тұрмаған адамдарға кез-келген түрде бір-біріне жақындасуға тыйым салынған. Ал заңды бұзғандарды бүкіл елдің алдында таяқ астына алу Ачехте қалыптасып қалған қалыпты жаза. Сондай-ақ, бұл өңірде құмар ойын ойнағандарды, ішімдік ішкендерді, гомосексуализм мен некеге отырмай қарым-қатынас құрғандарды да жазалайды.