Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

0
1 950

Қара жолбарыс жыландары Оңтүстік-шығыс Азияда мекен етеді.


Көлікке тап берген: Ер адам 3 метрлік жылан ұстап алды

ERNUR.KZ. Тайван тұрғыны тас жолға шығып, көлікке тап берген жолбарыс питонға шамасы келген, деп жазады Stan.kz.

Бастапқыда ер адам жыланды пластик құбырмен алдаусыратпақ болған. Артынша ол питонның құйрығынан кейін басынан ұстап, оны көтеріп алған. Жиналғандарға жыланды көрсеткен ол суретке түсу үшін әртүрлі позада тұрыпты.

"Мен қатты қорыққан жоқпын. Ол улы емес қой", - дейді ер адам.

Кейінірек оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, жыланды арнайы құтыға салған. Питонның ұзындығы - 3 метр, салмағы - 25 килограмды құрайды.

Қара жолбарыс жыландары Оңтүстік-шығыс Азияда мекен етеді. Питонның бұл түрінің ұзындығы әдетте - 3,7 метрге дейін барады. Ал ерекше түрлері - 5,74 метр болып келеді.