Конго халқы күнкөріс үшін горилланы қырып жатыр

0
616

Вирунга қорығында тау горилларын заңсыз аулау деректері көбейген.


Конго халқы күнкөріс үшін горилланы қырып жатыр

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында коронавирустың таралуы браконьерліктің белең алуына әкелді, деп хабарлайды Хабар24.

Эпидемия басталғалы елдің Вирунга қорығында тау горилларын заңсыз аулау деректері көбейген. Оған ұлттық саябақтың карантинге жабылуы себеп. Өйткені соның салдарынан жергілікті жұрт табысынан айырылып, кейін кейбір тұрғын заңсыз аң аулауға көшкен.

Айта кетейік, бүгінде әлемдегі тау гориллаларының жартысы осы Вирунгада мекендейді. Олар жойылып кетудің алдында тұрған жануарлар қатарында.