Конгода су тасқынынан қаза тапқандар саны 438-ге жетті

0
460

Үкімет өкілі Патрик Муйайя хабарсыз кеткен 26 адамның мәйіті табылғанын айтты.


Конгода су тасқынынан қаза тапқандар саны 438-ге жетті

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 438 адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі күн бұрын Бушушу мен Нямукуби ауылдарында басталған нөсер жаңбыр Чибира өзенінің арнасынан асып кеткен.

Үкімет өкілі Патрик Муйайя хабарсыз кеткен 26 адамның мәйіті табылғанын айтты.

Оның айтуынша, із-түзсіз жоғалғандар саны 4 мыңнан асады.

Өңір тұрғындарының біразы із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Тропикалық климаттық белдеуде орналасқан Конго Демократиялық Республикасы жаңбырлы маусымда табиғи апаттарға жиі тап болады.