Концертте көрермендер отырған платформа құлап кетті

0
884

Көрермендер отыратын платформа адамдардың салмағын көтере алмай қалған


Концертте көрермендер отырған платформа құлап кетті

ERNUR.KZ. Испанияның Виго қаласында өтіп жатқан концерт кезінде көрермендер отырған ағаш платформа құлап, соның салдарынан 300 адам зардап шекті, деп жазады EFE агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, соның екеуі кәмелетке толмағандар. Оқыс оқиға спорт және мәдениет фестивалі аясындағы концерт өтіп жатқан кезде болған. Хабарларға қарағанда, адам шығыны жоқ.

Құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның егжей-тегжейін тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, ағаш платформа көрермендердің шамадан тыс көбеюінен құлап түскен болуы мүмкін.