Король гвардиясының сарбазы II Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды

0
415

Патшайым II Елизаветамен қоштасу рәсімінде табыттың жанында кезекшілікте тұрған гвардияшылардың бірі есінен танып құлағанын жазды.


Король гвардиясының сарбазы II Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды

ERNUR.KZ. Корольдік гвардия сарбазы патшайым ІІ Елизаветамен қоштасу рәсімінде есінен танып қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым Вестминстер сарайында патшайым II Елизаветамен қоштасу рәсімінде табыттың жанында кезекшілікте тұрған гвардияшылардың бірі есінен танып құлағанын жазды.

Желіде тараған видеодан сарбаздың құлағанға дейін мінберден түсіп, шыққаны көрінеді. Кейін бірнеше секундтан кейін ол тас еденге құлап түседі.

Осы сәтті салтанатты шараның тікелей эфирі бірнеше минутқа үзілді. Екі полицей сарбазға көмектесуге асықты, ал қалғандары табыттың жанында кезекшіліктерін жалғастырды. Оған медициналық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланды.