Коронавирус дүниежүзінде 15 миллионнан астам адамның өліміне себеп болды – ДДҰ

0
523

Шамадан тыс өлім – бұл популяциядағы өлім-жітімнің болжанғанмен салыстырғанда уақытша артуы. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының жаңа баяндамасында келтірілген сандар – пандемияның дүниежүзіне тигізген әсері.


Коронавирус дүниежүзінде 15 миллионнан астам адамның өліміне себеп болды – ДДҰ

ERNUR.KZ. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жариялаған мәліметтерге сай әлемде 2021 жылдың соңындағы 15 миллионға жуық адамның өлімі COVID-19 пандемиясынан болды, деп жазады zakon.kz.

Мамыр айының басында Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қатысты ескертудің ең жоғары деңгейін төмендетті. Осылайша коронавирусты денсаулыққа қатысты жаһандық төтенше жағдай емес деп мәлімдеді. Бірақ "Бұл COVID-19 бұдан былай жаһандық денсаулыққа қауіп төндірмейді дегенді білдірмейді" деп ескертті.

Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының Дүниежүзі денсаулық сақтау бағалауы сонымен қатар ДДҰ ескертетін қатерлі ісік, жүрек-қан тамырлары аурулары және қант диабеті сияқты жұқпалы емес аурулардың өсіп келе жатқан қаупіне бүкіл әлем болып қарсы тұруға, шара қабылдауға шақырады. Әйтпесе аталған аурулар 2050 жылға қарай барлық өлімнің 86%-ын қамтуы мүмкін дейді ДДҰ.

Медицинадағы жетістіктерге қарамастан, жұқпалы емес аурулар жыл сайын адам өлімінің төрттен үш бөлігіне себеп болады. Бұл үрдіс жалғаса берсе, ғасырдың ортасына қарай жыл сайын 90 миллион өлім-жітімнің шамамен 86%-ы жұқпалы емес аурудан болады.

ДДҰ жұқпалы емес аурулардың өршуін "болашақ ұрпақтың денсаулығына келе жатқан қауіп" деп атап, онымен күресу үшін шешімді "ұжымдық" түрде қабылдауға және бірлесіп әрекет етуге шақырды.

"Әлем кейінгі екі онжылдықтың сабағына, соның ішінде осы пандемия жылдарындағы трагедияға назар аударуы керек. Солардың ең маңыздысының бірі - қажетсіз өлім мен ауруды болдыртпау. Сонымен қатар күшті, әділ және төзімдірек денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамды құру біздің қолымызда екенін білу".ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус