Коронавирус: Иранда бір тәулікте 462 адам көз жұмды

0
545

Иранда індет таралғалы дертке шалдыққандар қарасы 715 мыңға жеткен.


Коронавирус: Иранда бір тәулікте 462 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Иранда коронавирустан қайтыс болғандар саны өсіп барады. Соңғы бір тәулікте Ислам Республикасында дерттен 462 адам көз жұмды, деп хабарлайды Хабар24.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бұл – елде індет таралғаннан бергі ең жоғары өлім көрсеткіші. Билік алдағы уақытта коронавирусқа қарсы тестілеуді күн сайын 100 мыңға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Иранда індет таралғалы дертке шалдыққандар қарасы 715 мыңға жеткен.


– Менің ойымша, коронавирустан өлім-жітімнің өсуі адамдардың қауіпсіздік шараларын жеткілікті орындамауынан болып отыр. Денсаулық сақтау саласы да індетке дайын болмай шықты. Салдарынан дәрігерлеріміздің жанкешті еңбегіне қарамастан салаға үлкен ауыртпалық түсуде, - дейді жергілікті тұрғын Самсум.