Коронавирус Конго мен Ямайкаға да жетті

0
711

Науқас пен оның жанында болған адамдар карантинге жатқызылды.


Коронавирус Конго мен Ямайкаға да жетті

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында сейсенбі күні коронавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды. Сонымен Сахарадан оңтүстікке қарай Африка елдері арасында вирус жұқтырғандардың жалпы саны жеті адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Елдің Денсаулық сақтау министрі Этени Лонгодоның айтуынша, Францияда тұратын Конго азаматынан вирус табылған. Ол 8 наурызда Конгоға ұшып келген. Науқас пен оның жанында болған адамдар карантинге жатқызылды.

Бұған дейін хабарлағандай, вирус жұқтырудың бірнеше жағдайы Нигерияда, Сенегалда, Оңтүстік Африкада, Камерунда, Того мен Буркино-Фасода тіркелді. Солтүстік Африка елдерінде ауру жұқтырған ондаған жағдай анықталды.

Сондай-ақ Ямайканың Денсаулық сақтау министрлігі елде Кингстонда коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайды растады.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, Ямайка азаматынан вирус анықталған. Ол 4 наурызда Ұлыбританиядан оралған. 9 наурыз күні ол медициналық көмекке жүгінген. Қазір вирус жұқтырған науқас әйел карантинде.