Коронавирус: Круиздік лайнердегі 200-ге жуық адамды елсіз аралға жіберді

0
211

Экипаж мүшелерін әскери-теңіз госпиталінің арнайы кемесімен жеткізген.


Коронавирус: Круиздік лайнердегі 200-ге жуық адамды елсіз аралға жіберді

ERNUR.KZ. World Dream круиздік кемесіндегі 200-ге жуық индонезиялық азамат, экипаж мүшелері COVID-19 коронавирусына байланысты карантиннен өту үшін адам тұрмайтын Себару аралына (Джакартаның бөлігі) жіберілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Экипаж мүшелерін әскери-теңіз госпиталінің арнайы кемесімен жеткізген.

Индонезиялық Jakarta Globe газетінің хабарлауынша, Себаруды елсіз аралға жатқызуға болады. Ол жақта тұрғындар жоқ, бірақ демалыс пен емделуге жақсы жағдай жасалған. Бұрын онда есірткіге тәуелді адамдарға арналған оңалту орталығы болған.

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, круиздік лайнерде 270 ел азаматы, экипаж мүшесі болған. Бірақ олардың 188-і ғана аралда карантиннен өтуге келісім берді. Басқалары кемеде қалды.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет