Коронавирус: Қытайлық шаштараздар «қашықтан» жұмыс істеп жатыр (видео)

0
807

Шаштараз иесі «бұл идеям клиенттерді қатты қуантып жатыр» деген пікірде.


Коронавирус: Қытайлық шаштараздар «қашықтан» жұмыс істеп жатыр (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдағы шаштараздар COVID-19 басталған кезде клиенттерден қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін құралдарды таяқтардың ұшына орнатқан, деп жазады ҚазАқпарат.

1 наурыз күні Сычуань провинциясындағы Лучжоу қаласындағы шаштараздардың түсірген қызықты видеода шаштараздар щеткамен, ұстарамен және шаш кептіргішті бір метрден астам таяқтардың ұшына орнатып, іске қызу кіріскендігін көруге болады.

Клиенттер өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, шаштараз осындай «алыс қашықтықта жұмыс істеу» әдісін ойлап тапты.

Шаштараз иесі «бұл идеям клиенттерді қатты қуантып жатыр» деген пікірде.