Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды

0
895

Қытаймен тікелей шекараласатын елдерде сақтық шарасы күшейтілген деңгейде.


Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды

ERNUR.KZ. Әлемді алаңдатқан коронавирустан сақтану шарасы әр елде әр түрлі деңгейде жүріліп жатыр, деп жазады baq.kz.

Әсіресе Қытаймен тікелей шекараласатын елдерде сақтық шарасы күшейтілген деңгейге өтті.

Бұл тұрғыда Моңғолия Республикасы 27 қаңтардан бастап 2 наурызға дейін барлық мектептерде, Жоғары оқу орындары мен колледждерде сабақты тоқтатқан болатын. Сонымен қатар, елдегі Қытай елімен тікелей шекараларды да уақытша жапты.

Моңғолияның Білім, мәдениет, ғылым, спорт министрлігі елдегі 18 телеарнадан оқушыларға арнап мектеп бағдарламасын телеарна арқылы оқытуды қолға алу туралы шешім шығарды.

3 ақпанда басталатын теле-сабақтың күнтізбесі мен сағат бөлінісі жасалды. Білім министрлігінің мәліметіне қарағанда 402 рет эфирден берілетін 40 сабақтың ұзақтығы 6357 минутқа созылады. Теле-сабаққа орай 170 мұғалім арнайы дайындықтан өткен.