Коронавирус салдарынан инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін

0
748

Вирус ағзадағы жүйке жасушалары шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.


Коронавирус салдарынан инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Коронавирус инфекциясының салдарынан науқаста инсульт пен эпилепсия пайда болуы мүмкін, - деп жазады тengrinews.kz.

Неміс ғалымы, Нюрнберг қаласындағы орталық клиниканың неврология бөлімінің басшысы Франк Эрбгут COVID-19-дың салдары туралы айтты. Профессордың сөзінше, вирустан симптомы ауыр болған науқастарда инсульт, ми қабығының қабынуы, бас айналу тіпті эпилепсия түрінде асқынулар болуы мүмкін.

Вирус ағзадағы жүйке жасушалары шабуылдайтын өздігінен жойғыш аутоиммундық процесті іске қосады.

Франк Эрбгут неврологиялық асқынулар Уханда 36,4 пайыз науқаста анықталғанын айтқан. Алайда профессор мұндай асқынулар кең көлемде болмайтынын айтты.